Главная » 2026 » Март » 31 » Кітапханада өткен Көрісу күні (Полатбек ЖАНБАЕВ)
12:59
Кітапханада өткен Көрісу күні (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Наурыздың бастамасы Амал мерекесінен бастау алады. Мұны қазақ Көрісу мерекесі деген. 14 наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесіне ұласып жа­татын осы күннің мән-маңызы жыл өткен сайын артып келетіні көңіл қуантады. Көрісу күні немесе Амал мерекесі – қазақ әлемінің батыс бөлігінде ішінара ұмытылмай сақталып келген болатын. Осы мере­ке өткен жұма күні қалалық кітапханада атап өтілді.

Әдетте жыл басын қарсы алу – әр ұлттың, халықтың, мемлекеттің өзіндік мәдениетінің бірегей көрінісі. Амал мерекесінің осы тұрғыдан алғанда да орны ерекше. Қазақ халқына ғана тән наурыз айындағы жыл басын қарсы алу дәстүрі. Амал соның бір бөлшегі.

Наурыз мейрамын қарсы алып тойлаудың игі дәстүрі соңғы бірнеше жыл көлемінде қалыптасты. Көрісу күнінен ба­стап, 14-23 наурыз аралығындағы әрбір күнді дара мазмұндағы іс-шаралармен атап өту дәстүрі жақсы қалыптасып келеді.

Жыл басын қарсы алуды наурыз айының 22-сінде емес, 14-інде бастаудың өзі халқымыздың ежелден бергі бір-бірімен көрісу дәстүрінің көкжиегі қазіргі күні кеңейе түсті. Мұнда ежелгі дәстүрдің түпқазығы болып келген, қазіргі күні мазмұны мен мағынасын бұрынғыдан да арттырып, жетілдіре тойлап келе жатқан Маңғыстау жұртының, Отпанта­уда орындалатын «Бірлік оты» қатарлы рәсімдердің орны әрине бөлек.

Степногорск қаласындағы орталық кітапхана жүйеснің маманы Бұхабаева Үрләш Камалқызы іс-шараны ұйымдастырып, жүргізіп барды. Қала ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ортаға шықырылды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушылары да қонаққа келген болатын. Жалпы кітапхана оқырмандары осы мерекені атап өтуге келді. Мейрамның мәні мен мағынасы туралы бейнекөрсетілім тамашаланды. Қаламыздың ақсақалы Қайролла Иса­ев атамыз Амал мерекесінің мәні мен мағынасы туралы айтып өтті. Басқа кісілер де солай мерекенің мәнін ашып көрсетті. Көпті көрген ұстаз Бибайша Айт­баев апамыз өзінің өмір жолы, ескі кезде тойланатын Наурыз, Көрісу күндері жай­лы естеліктер айтты.

Әрбір үлкенді-кішілі мейрамды әдетте науқаншылдықпен мәжбүрлі тойла­ту – мүмкін емес. Қаржы-қаражат, адам күшін төгіп мүмкін қылғанның өзінде, біраз жылдан соң-ақ мәнінен ажырап, қожырап ұмытылып кетпек. Ал ежел­де қалыптасып, халықтың жан жүрегіне орнығып, санасына сіңген атаулы күндер тіпті қиын-қыстау замандарда да еске алынып, атап өтіле бермек. Оған мысал­дар баршылық. Көрісу амалы да – соның жарқын бір мысалы. Олай болмаса да «діни сипаты бар» деген желеумен тый­ым салған коммунистер заманында да халық ұмытпаған берік дәстүрлі мейрам.

Тарихы да тым арыда жатқандықтан ұмытылмаған деп ойлаймыз. «Көшпенділер өз жаңа жылдарын тойлағанда, барлығы бір ауылда жиналып, өткен ескі өшпенділіктерін ұмытып, қару-жарақтарын тастап, бір-біріне ізгі тілектерін айтады», - деп он бір ғасыр бұрын Махмұт Қашғаридің жазғанын көрісу рәсімінің сұлбасы да аңғарылып тұрған жоқ па?

Жыл басын қарсы алудың негізгі амал-әрекеттері – осы. Амандық-саулық, татулық-бірліктің нышаны ретінде алыс-жуықтан жеткен ағайын-туыс, ел-жұрт бір-бірін аман көргеніне қуанысып-құттықтасып, қыстан қалған сүрісіне дәнді дақыл қосып пісіріп, езбе құртпен дәмін келтіріп жасаған көжеден көп болып ауыз тиетін ақжарылқап тілекті, ақжарқын көңіл-күйлі мереке бұл.

«Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызда­ма қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен», - деп Абайдың өзі жазғанындай, Наурызды қазақтардың тым ертеден тойлағаны анық. Дегенмен жыл басын қарсы алып тойлау межесіне қатысты өткен ХХ ғасырдың басына дейін қазақ даласында нақты бірізділік болмаған.

Амал күні қазағым көріседі,

Көрісу бұл көненің желісі еді.

Жасың құтты болын деп жармырасып,

Ақ тілекпен адал бол деліседі.

Көріседі көңілдер жібісін деп,

Көріседі тасысын ырысың деп.

Көріседі көк мұз да жібісін деп,

Көріседі оң болсын ырысың деп.

Осындай айтылған мерекелі күн 14 және 22 наурыз аралығыы деп түсінуге болады. Ол заманда да қазақтар бүгінгідей Наурыз мейрамын 14-22 на­урыз арасында тойлаған деп сеніммен айта аламыз. Батыстан басталған мере­ке қиыр шығысымызға дейін жалғасады. Сарыарқа төсінде Амал мерекесі жыл сайын тойлана түсуде.

«Һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады. Ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп құттықтасады, ол күнді мейрам қалып шаттықпен өткізеді», - дей оты­рып, ескі «Қазақ» газеті елге ой тастап, ұсыныс айтады: «...Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерісінің кезеңінде біздің жаңа жылымыз наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді жыл басы қылып алсақ, ұнамды іс болар еді. Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің жаңа жыл – наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнде бастала­ды. Біз оқушыларымызды жаңа жыл­мен құттықтауға наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз.» «Ертеде наурызды бір ай тойлаған» дейтін айтылымның бір ұшы осында жатса керек.

Көрісу немесе Амал деп аталуының өзі – әр жылдың он екі айындағы табиғат құбылыстарына байланысты жасала­тын болжамдардың дәл осы күннен басталатындығынан да болса керек. Яғни 14 наурыз – қазақ ұғымындағы жыл бойғы жеті амалдың басы.

Мерекеде ұлттық ойындар ой­налды. Жастар асық ату, орамлал тастау сынды ойындарды көрсетті. Апалар асықпен түрлі ойындар ой­нау үлгісін көрсетті. Қыдыр ата ақ батасын берді.

Көрісу күнінің мәні мен мағынасы тереңде жатыр. Қыстан қалған соғым етінен наурыз көже жасаған.

Кітапхана ұжымы келген қонақтарға естелік сыйлықтар таратты. Ақ тілектер айтылды. Ақ бата берілді. Жастар жағы үлкендерден өнеге алды деп ойлай­мыз. Кітапхана директоры Баян Айтпа­ева осының бәріне басшылық жасап, игі істің бастамашысы болды. Наурыз, Амал мерекесі құтты болсын!

Просмотров: 15 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar