| 
				
			  Степногорск қаласында Халықаралық отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптейтін
 тағылымды іс-шара өтті.
 Салтанатты шарада Степногорск қаласы әкімінің
 орынбасары Жанасыл Сабырұлы құттықтау сөз сөй-
 леп, отбасының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына
 тоқталды. Ол өз сөзінде көпбалалы аналардың еңбе-
 гіне ерекше тоқталып, алғыс білдірді.
 Іс-шара аясында көпбалалы аналарға құрмет
 көрсетіліп, Алғыс хаттар мен сыйлықтар та-
 бысталды. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздардың
 қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды.
 Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттық тәр-
 биенің негізі. Берекелі отбасы – баянды бола-
 шақтың кепілі. Мұндай іс-шаралар отбасылық
 құндылықтарды насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне оң
 әсерін тигізері сөзсіз.
 Баршаңызды Халықаралық отбасы күнімен
 шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шаңырақта
 шаттық пен ырыс орнасын!
 Қала әкімінің баспасөз қызметі
 |