2023 жылғы 25 желтоқсан күні қалалық әкімдікте болған аппараттық кеңесте Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпаратты осы бөлімнің басшысы Құсайынова Ләззат Жанатқызы ұсынған болатын.
-Степногорск қалалық Ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық-саяси жағдайды бақылау. Жалпы мониторинг бойынша аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты деп сипатталады. Сонымен қатар, биыл медиа- кеңістікте әлеуметтік наразылықтардың ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тіркелді, атап айтқанда, қаланы жылумен қамтамасыз ету, су сапасы, қаланы абаттандыру, қаңғыбас иттерге қатысты мәселелер, экология жағдайы, денсаулық сақтау мәселелері болып табылады. Ішкі саясат бөлімінің мамандары мен қала әкімінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіп, келеңсіз жарияланымдарды анықтап, орындалуын тиісті ұйымдарға жұмысқа жіберіледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мекеме-кәсіпорын басшыларына осы фактілер анықталған кезде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жою үшін дер кезінде уәж айтып, дер кезінде, сапалы жауап берулерін сұраймын,-деді баяндамашы.
Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның шоғырлануын қамтамасыз ету азаматтық қоғам институттары белсенді қатысатын ішкі саясат саласындағы мемлекеттің басты басымдықтары болып табылады.
Бүгінгі таңда қалада 23 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Халықтың осал және әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйым, гендерлік бағытта, әскери-патриоттық тәрбиеде және жастар бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар кеңінен ұсынылған.
Жыл сайын мекеме, қоғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, қорлар, қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалардың бірлестіктері түріндегі үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі туралы ақпаратты ұсынуы тиіс.
Ішкі саясат бөлімінің маманы есеп беруде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Биылғы жылы құрылыс аясында әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 5 мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырды. Ішкі саясат басқармасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 7 жоба бар.
Жоба барысында Степногорск аумағында жастар арасында нашақорлық пен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу. Денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының мамандарын, психологтарды, психотерапевтерді, наркологиялық қызмет мамандарын тарта отырып, студенттер арасында синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен зардаптары туралы ақпараттық- түсіндіру іс-шаралары, дәрістер, тренингтер өткізу басты анзарда тұр.
«Жасыл Ел» жобасы аясында 2023 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Степногорск қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы жастарды жазғы маусымда жұмысқа орналастыру үшін «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асырылды. Осы бағдарлама төңірегінде Степногорск қаласынан 120 жас жұмысқа орналастырылды. «Жасыл ел» жауынгерлері қала алаңдарын, саябақтарды, көшелерді және тағы басқа да тазалық жұмыстарына қатысты.
Халықаралық жоба: «Жад сағаты». Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін іздеу үшін іздестіру отрядын құру.
«Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы зорлық-зомбылық, зорлық-зомбылықтың, жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарының, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» көзделген. Жоба дағдарыс жағдайындағы, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандары болған жастар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ бұл жағдайда жастардың қалай әрекет ететінін қолдау мақсатында жүзеге асырылды.Тақырыптық платформалармен кездесулер мен тренингтік ойындар өткізіліп, өмірлік жағдаяттарды зерттеді.
«Ақмола облысының Степногорск қаласында (Степногорск аумағында) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» басты назарда тұр. Ислам дінін ұстанушылар арасында іс-шаралар өткізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы жұмыстар жүргізіліп келді. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту мақсатында кездесулер, лекциялар, постер байқаулары өткізілді. Осының салдарынан жастар жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйренді.
Степногорск өңіріндегі қоғамдық- саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.
Достық және шығармашылық үйінде 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жергілікті ұлт пен басқа да түрлі ұлттар арасында келісім мен достық кең қанат жайып келеді. Татулықтың биік шаңырағы бізде тұрақты.
Анықтамаға назар салайық:
«Саттелит» Неміс этномәдени бірлестік (жетекшісі - Нурбаева Клавдия Сергеевна);
«Полония» поляк ЭМБ (жетекшісі – Никоровский Иосиф Михайлович;
«Юлдаш» татар- башқұрт ЭМБ (жетекшісі – Дзюба Гульсара Манзуровна);
«Беркат» Шешен-ингуш ЭМБ (жетекшісі – Гиреев Тухан Макшарейпович);
«Культурный центр азербайджанцев мира» Әзірбайжан ЭМБ (жетекшісі – Каримов Рустам Сабирович).
«Русская община» Славян ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Лысцова Надежда Дмитриевна).
«Амир Темур» Өзбек ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Рахматов Саибджон).
«Манас» Қырғыз ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Сыдыков Акылбек).
Степногорск қаласының әкімдігі этномәдени бірлестіктермен бірлесіп жыл бойы қоғамда азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға және сақтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді. «Қазақтану» Қазақстан халқы ассамблеясы жобаларын іске асыру аясында Достық және шығармашылық үйінің славян этностарының өкілдері «Русская община» «Qazaq time» облыстық онлайн- байқауына қатысты. Нәтижелері көңіл қуантады.
«Юлдаш» татар-башқұрт орталығы «Тіл-халық қазына, ұлттық шежіре» атты қалалық байқауына қатысып, I орынды жеңіп алды. «Қазақтану» Қазақстан халқы ассамблеясы жобаларын іске асыру аясында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Степногорск қаласының Достық және шығармашылық үйінде «Достық дәмі» атты облыстық фестивалі кең көлемде атап өтілді. Фестивальдің басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Степногорск қалалық Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы, «Jana urpaq STEP» ҚҚ, «Русская община» ЭМБ, «Беркат» ЭМБ, «Әлем әзірбайжандарының мәдени орталығы» этно-мәдени бірлестіктері қала студенттері арасында «Ұлттар достығы» байқауын өткізді. Оған жастар белсене қатысты. Нағыз береке мен бірліктің кең салтанат құрған сәттері көзге көрініп тұрды.
Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің мүшелері түрлі экологиялық акцияларға қатысып, жәрмеңкелер ұйымдастырады, онда түрлі этностар өкілдерінің ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер заттары ұсынылады. Осының өзі қаламыздағы жастар саясатының кең қанат жаюына, ұлттар достығы мен конфессия аралық байланыстардың нығаюына мұрындық болып келуде.
«Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізеді. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары облыстық байқауға қатысып, «Халық таңдауы» сыйлығымен марапатталды.
Отбасылық құндылықтарды қолдау аясында Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтау шарасын ұйымдастырды. Ел президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру барысында бірлесе жұмыстар атқару дәстүрге айналған.
Дін және АТК.
Қазіргі таңда Степногорск қаласында 11 діни бірлестік жұмыс істейді. 4 РҰ – исламдық сенімдегі діні, православие – 2, католик – 1, 4 протестант.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобы қалада діндар жамағат, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, мектеп және колледж студенттері, сондай-ақ No4 және No5 мекемелердегі сотталғандар арасында 160-қа жуық іс-шара өткізді. Діни бірлестіктердің жетекшілері қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған іс- шараларға қатысуға шақырылады. Рухани келісім күнінде «Конфессияаралық бірлік – рухани келісімнің негізі» атты жиын аясында қаладағы қоғамдық- рухани және мәдени салаға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Қала аумағында рухани келісім мен бірлестіктер байланысы жақсы жолға қойылған. Теріс ағымдарға жол берлмейді.
Жалпы аймақтағы діни ахуал тұрақты және бұ бағыттағы жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында, бөлім мамандары РҰ- ға бару бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік органдардың ресми әлеуметтік парақшаларында және қалалық қоғамдық «Step News» және «Step notsleep» беттерінде экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу бойынша 300-ден астам профилактикалық материалдар жарияланды. Сондай-ақ, қалада «Жақындарыңызды экстремистік идеялардың ықпалынан сақтаңыздар» атты сенім телефондары бар. Бұл тұрғыда 1 баннер орнатылды.
2023 жылы Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның 4 отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 35-ке жуық шешім қабылданды.
Жастар саясаты.
ІСБ жанындағы ЖРО ағымдағы жылда 180 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіді. Оған жас буындар беслене қатысты.
Олардың арасында «Менің жобам – Менің елім» байқауы және жастарға арналған әлеуметтік жобалау бойынша оқыту семинары бар,
Патриотизмді, отансүйгіштікті және аға буынға құрметпен қарауды дамыту мақсатында: «Біргеміз Таза Әлем» акциясы ұйымдастырылды;
«Таланттар шайқасы» байқауы;
«Әйелдерге гүл сыйланыз» акциясы;
«Көрісу күні жасымыз құтты болсын» акциясы;
«Жас құтқарушы» байқауы;
Ұлы Отан соғысында қайтқан ардагерлердің қабірлерін абаттандыру бойынша «Ешкім ұмытылмайды» акциясы;
Қазақстандық Жеңіс ленталарын тарату бойынша «Жеңіс лентасы» акциясы;
«Street workout» бойынша қалалық турнир;
Еңбек күніне арналған «Адал еңбектің- ерен ерті» Ұрпақтар кездесуі;
Республика күніне арналған Степногорск жас көшбасшыларының «Ұлы жастар рухы» фестивалі;
Халықаралық еріктілер күніне орай Степногорск қаласының белсенді еріктілерін салтанатты марапаттауы өтті;
Жайдарман-2023 әзіл-сықақ ойыны және т. б.
Ерекше қажеттіліктері бар жастар да назардан тыс қалмайды. «Күн бәріне жарқырайды» атты әлеуметтік іс-шаралары өткізілді. Балалар үшін қызықты викториналар, аниматорларды тарта отырып көңілді ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрақты негізде қарттардың пәтерін тазалауға көмек көрсету бойынша «Біз қасымызда» акциясы өткізілді.
Жастар ресурстық орталығының коворкинг орталығында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар, тегін кино кештері, коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған ойындар, консультативтік кездесулер өткізіледі.
БАҚ
Ағымдағы жылы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру жөніндегі Степногорск қаласы бойынша байқауының жеңімпазы болып «Престиж» газеті танылды. Газет аптасына бір рет 3000 дана таралыммен шығады. 2023 жылы ақпараттық тапсырыс аясында «Престиж» газетінде 572 бет ақпараттық материалдар жарияланды.
Жыл ішінде қала бойынша 50-ден астам әлеуметтік баннерлер, сондай-ақ Республика күніне арналған баннерлер мен портреттер, «Құлагер» спартакиадасына Ақмола облысы спортшыларының портреттері және Еңбек күніне орай қалалық кәсіпорын жұмысшыларының портреттері орналастырылды.
2024 жылы бөлімнің барлық қажетті бағыттардағы жұмысы жалғасатын болады.
Баяндамашыға тыңдаушылар және журналистер тарапынан бірнеше сұрақтар беріліп, тиісті жауаптар алынды. Жастардың тәртібіне назар салу қажет. Темекі мен есірткіге құмарлар қартарынан жастарды кездестірмеу керек. Электронды темекіні жастар сапһтпау талап етіледі. Сыра да сатпау керек. Осындай тәртіпті бұзған кәсіпкерлерге шара қолданған жөн. Сол үшін жастар мен жасөспірімдер тәрбиесіне қырағы қарайтын боламыз.
|