Әлемдегі сияқты, қоғамды ізгілендіруге Қазақстан да біртіндеп бет бұрып келеді.
Қылмыстық кодексте өлім жазасын жазалау шарасы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін 17 қылмыстық құрам қарастырылған. Ал Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардан соң Қазақстанда өлім жазасына мүлдем тыйым салынады.
Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.
Жаңартылған Ата Заң азаматтардың іргелі құқықтарының қорғалуын күшейте түседі, құқық қорғау институттарының ашықтығын арттырады.
Барлық құқықтары жан-жақты қорғалған мемлекетте өмір сүруді қаласаңыз референдумға келіп дауыс беріңіз!
|