Главная » 2026 » Февраль » 18 » Ел болашағына зор сеніммен қараймыз
10:46
Ел болашағына зор сеніммен қараймыз

Қазақстан Республикасының Ата Заңның жаңа нұсқасын оқып үйреніп шықтық. Жаңа құжат зор мүмкіндіктер жаратқан көрінеді. Ел азаматтарының өмір сүру деңгейі жақсара түседі деп күтілуде. Адам факторына аса назар аударылған. Әлеуметтік жағдайымыз арта түседі деп ойлаймын.

Алдағы дауыс беру күнінде баршаны референдумға қатысуға шақырамын. Дауыс беру арқылы өз таңдауымызды жасаймыз.

Ел, болашағына сенеміз. Сол үшін дауыс беруге барамыз. 15-наурызда референдумға қатысу арқылы өз құқымыздан пайдаланамыз. Яғни, еліміздің ертеңі үшін, жарқын болашақ үшін дауыс береміз.

Күн өткен сайын жақындап келе жатқан саяси науқанға бейжай қарай алмаймыз.

Степногорск қаласында референдум күні зор шабытпен өтеді деп сеніп отырмыз.

Әркімнің дауысы маңызды. Сол үшін жерлестерді толық дауыс беріп, таңдау жасауға шақырамын.

 

Шойынбек Тиллабаев, еңбек ардагері

Просмотров: 28 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar