Главная » 2025 » Август » 7 » Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім – еліміздің басты құндылығы
11:31
Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім – еліміздің басты құндылығы

Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім – Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен болашағының негізі. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз бірлік пен бейбітшілікті басты бағыт етіп, көпэтносты қоғамда өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді.

Ел Президенті атап өткендей, «Бірлік – біздің басты байлығымыз». Бұл қағида Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының, мемлекеттік саясаттың және күнделікті қоғамдық өмірдің өзегіне айналды.

Бүгінгі таңда елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар халықтар достығын нығайту жолында маңызды рөл атқарып келеді.

Этносаралық келісімді сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бұл бағытта тәрбие мен білім беру, ақпараттық саясат, жастармен жұмыс және азаматтық қоғам институттарының белсенділігі шешуші мәнге ие.

Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – мемлекетіміздің даму кепілі. Сондықтан біз ұлттың біртұтастығын сақтай отырып, барша этностардың мүддесін ескеретін, тең құқықты қоғам құру жолында біріге еңбек етуіміз қажет.

 

У. Молдахметова, «Pespublica» партиясы» ҚБ мүшесі

Просмотров: 51 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar