Главная » 2025 » Ноябрь » 26 » Бестөбе кентіндегі №1 мектеп жаңа ғимаратта табысты жұмыс істеуде
16:53
Бестөбе кентіндегі №1 мектеп жаңа ғимаратта табысты жұмыс істеуде

Бестөбе кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектептің жаңа ғимараты жаңа оқу жылының басынан бастап оқушыларға есігін айқара ашты. Қазіргі таңда мектеп штаттық режимде табысты жұмыс істеп, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Жаңа екі қабатты ғимарат 300 оқушыға арналған және 1958 жылы салынған ескі мектептің орнын алмастырды. Мектептің заманауи жағдайы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы оқу ортасын қамтамасыз етіп, білім беру процесін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

Қазіргі кезде мектепте 445 оқушы білім алуда, ал 56 білікті педагог сапалы білім беріп жатыр. Биыл мектепке үш бірінші сынып қабылданды, олар жарық, заманауи кабинеттерде оқып жатыр.

Жаңа ғимаратқа көшу оқушылар мен мұғалімдерге оқу-тәрбие процесін жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасады. Сонымен қатар, мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда. Оларға Степногорск өңірі үшін басым бағыт болып табылатын энергетика және ауыл шаруашылығы салаларының маңыздылығы түсіндірілуде.

 «Жаңа мектептің ашылуы – тек ғимараттың жаңаруы емес, бұл оқушылар мен мұғалімдер үшін білім мен шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер есігін ашу болып табылады», – дейді мектеп директоры Культай Магзумова.

Бестөбе кентіндегі №1 мектептің жаңа ғимараты – өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың және болашақ ұрпаққа қолайлы оқу ортасын құрудың жарқын үлгісі.

Просмотров: 38 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar