| 
				
			  Кездесу барысында тұрғын- дарды толғандырған өзекті мәсе-
 лелер көтеріліп, оларға түсінікте-
 мелер берілді және сұрақтарға
 нақты жауаптар ұсынылды. Кез-
 десу барысында талқыланған
 сұрақтар тізімі барлық кезде-
 сулер аяқталған соң Степно-
 горск қаласы әкімдігінің ресми
 сайтында «Салалық құжаттар»
 -«Тұрғындарға» - «Тұрақты кез-
 десулерде берілген хаттамалық
 тапсырмаларды орындау» бөлі-
 мінде жарияланатын болады.
 16 мамыр күні жұмыс сапары
 аясында Степногорск қаласының
 әкімі Гайдар Қасенов Бестөбе
 кентіндегі құрылыс нысандарын
 аралады. Қала басшысы дене
 шынықтыру-сауықтыру кеше-
 ні мен жаңа мектептің құрылыс
 барысымен танысты.
 Нысандарды аралау барысын-
 да әкім жауапты тұлғаларға
 нақты тапсырмалар беріп, бірқа-
 тар ескертулер жасады. Сон-
 дай-ақ құрылыс жұмыстарының
 сапасы мен мерзімінің сақталуы
 маңызды екенін атап өтті.
 Қала әкімі Бестөбе кентіндегі
 халықпен кездесуімен қатар аза-
 маттарды жеке қабылдау өткізді.
 Қабылдау барысында тұрғын-
 дар өзекті мәселелер бойынша
 сұрақтарын қойды. Әрбір сау-
 алға тиісті түсініктемелер беріл-
 ді. Бірқатар мәселелер бойынша
 Бестөбе кентінің әкіміне нақты
 тапсырмалар берілді.
 Қала әкімінің баспасөз
 қызметі
 |