Главная » 2024 » Сентябрь » 5 » Бейбіт атомның берекеті мол
16:56
Бейбіт атомның берекеті мол

Сонымен, тарихи шешім қабылданды. Енді бір айдан соң Қазақстан халқы елімізде АЭС салу немесе салмау мәселесін жалпыхалықтық референдум арқылы шешеді.

Осылайша, қазақстандықтар мемлекет дамуына тікелей әсер ететін, тіпті энергетикалық тұрғыда өзгеге кіріптар боламыз ба, әлде бұл салада тәуелсіз күн кешеміз бе дегенді анықтайтын таңдау жасайды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ел өміріндегі маңызды қадам жұртшылықпен бірге жасалуы керек екенін атап өтті.

Президент жаһанда энергия тапшылығы үдеп бара жатқанын әрі Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет екенін атап өтті. «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», – деді Президент өз Жолдауында. Сонымен бірге референдум мерзімін де атаған еді. Арнайы Жарлыққа да қол қойды. Енді бұқараның дұрыс шешім қабылдағаны керек.

Энергия жеткілікті болса экономика дамиды

Негізі, энергия тапшылығының туындауы мәселесі соңғы жылдары жиі айтылып жүр. Мамандардың есеп-қисабынан бөлек, адамдардың энергияны өте көп тұтынатынын айналаға қарап-ақ аңғаруға болады. Адам өмірінің сапасын жақсартатын кез келген құрал энергия пайдаланады. Смартфон мен компьютерден бастап, үйдегі асүй техникалары, ыдыс пен кір жуатын машина, тазалыққа қажетті түрлі құрал, кондиционер, қысқасы, айналамыздағы жабдықтардың басым бөлігі энергияны қажет етеді.  Оған кәсіпорындар мен өндірістерді қосыңыз. Энергияны көп тұтынатын өндірістерді былай қойғанда, тұрмыстағы құралдардың өзі жылына миллиондаған килоВатт энергия тұтынады.

Просмотров: 25 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar