Главная » 2026 » Сентябрь » 5 » Баршаңызды қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!
13:36
Баршаңызды қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті қала тұрғындары!

Баршаңызды қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — қаламызды қастер тұтатын, осында туып-өскен, өмір сүріп, еңбек етіп, болашағын туған қаласымен байланыстыратын барша азаматты біріктіретін ерекше мереке. Қаланың тарихы — бұл оның тұрғындарының тарихы, олардың еңбегі, игі істері, жетістіктері және туған өлкені одан әрі көркейтуге деген ұмтылысы.

Бүгінде қаламыз қарқынды дамып, жаңарып, көркейіп келеді. Маңызды жобалар жүзеге асырылып, көшелер мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда, еңбек етуге, білім алуға, бизнесті дамытуға және жайлы өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Мұның барлығы — тұрғындарымыздың бірлескен еңбегі мен туған қаласының болашағына деген жанашырлығының нәтижесі.

Қаланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып, оның болашағына қамқорлық танытып, үздік дәстүрлерін сақтап жүрген барша азаматқа шынайы алғысымды білдіремін.

Әр отбасына зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Қаламыз жыл сайын көркейіп, заманауи әрі жайлы мекенге айнала берсін, ал оның тұрғындары әрдайым туған жерін мақтан тұтсын.

Қала күні құтты болсын! Мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер!

Құрметпен,
Қала әкімі Гайдар Қасенов

Просмотров: 14 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar