Қазақстан Республикасы – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен татулықтың берік мекені. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ерекше мән беріліп келеді.
Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсаттар жолында еңбек етуде. Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары Конституциямен қорғалып, тең мүмкіндіктер жасалған. Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің басты кепілі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі түрлі этностар арасындағы өзара құрмет пен сенімді арттырып, халық бірлігінің нығаюына зор үлес қосып келеді. Бірлік – еліміздің ең басты құндылығы, ал достық – болашағымыздың берік іргетасы.
Сондықтан да Қазақстанды әділ түрде достық пен бірліктің Отаны деп атауға болады.
У. Молдахметова, «Pespublica» партиясы» ҚБ мүшесі |