| 
				
			  Өткен аптада қаламыздың орталық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Артық білім – кітапта» атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
 Жиынға арнайы қонақтар – журналистер, ақындар, жазушылар, сондай-ақ дәстүрлі және эстрадалық әншілер қатысты. Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғалып, дөңгелек үстел қатысушыларымен еркін форматта пікір алмасты. Дөңгелек үстел аясында кітапхана қоры жаңа ғылыми-танымдық еңбектермен және көркем әдебиеттермен толықты. Қала әкімінің баспасөз қызметі |