Өткен аптада Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы
мектеп бітіруші түлектері – «Алтын белгі» белгісіне үміткерлермен
және оқуын үздік аяқтап жатқан оқушылармен жүздесті.
Қала әкімі оқушыларды өмір жолындағы маңызды кезеңнің
аяқталуымен құттықтап, алдағы емтихандарда сәттілік, өз-өзіне
сенімділік және болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қа-
былдауды тіледі. Әңгіме барысында әкім түлектердің қайда оқуға
түсуді жоспарлап отырғанын, қандай мамандықтарды таңдағанын
сұрады.
Өз сөзінде Гайдар Қабдоллаұлы қаламыздағы сұранысқа ие ма-
мандықтар мен жұмыс орындарының жеткілікті екеніне тоқталып,
жас мамандардың туған қаласына оралып, оның дамуына үлес
қосуы маңызды екенін атап өтті.
Кездесу еркін әрі ашық форматта ұйымдастырылды. Оқушылар
қала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, то-
лыққанды жауап алды. Кейбір мәселелер әкімнің тапсырмасымен
білім бөлімі мен әкімнің орынбасарының бақылауына алынды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі |