Главная » 2022 » Февраль » 26 » Аграрлық сала Степногорск қаласын асырайды (Полатбек ЖАНБАЕВ)
09:27
Аграрлық сала Степногорск қаласын асырайды (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Қазақстан Республикасында, соның ішінде өзіміздің Ақмола облысында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарының маңызы үлкен. Бұл тұрғыда біздің Степногорск қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы саласы жыл өткен сайын дамып келеді. Мал басы артып, өнім өндіру өркен жаюда. Қала халқын асырап отырған да осы ауыл шаруашылығы, ондағы төрт түлік малдан алынған өнімдер мен жер қатынастары арқылы дихандар өндірген мол өнімдер болып табылады.

                           1.АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША

Аймағымыздың аграрлық саласы аяққа тұрып, үкімет тарапынан көретіліп жатқан жеңілдіктердің арқасында кең өркен жаюда. Осы тұрғыда Степногорск қалалық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Оспанов Дархан Қайырбайұлына жолығып, өткен 2021 жылдың он бір айы көлемінде атқарылған жұмыстар жайын сұрап білген болатынбыз.

Өңірімізде төрт түлік малдың өсіп-өнуі қалай, соған мән берейік. Өткен 2021 шаруашылық жылы қандай көрсеткіштерге қол жеткіздік. Мал мен құс санының өркен жаюы көңіл қуанта ма, алдыңғы жылмен салыстырғанда қай деңгейде?

Мүйізді ірі қара мал 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 104,1 пайызға өскен көрінеді. Нақтылап айтқанда 13 891 мүйізді ірі қара малымыз 14 459 басқа жеткен. Соның ішінде зеңгі баба түлігі 114,0 пайызға арта түскен. Сиырлар бұрынғы жылы 5 490 бас болған болса, ол 2021 жылы 6 260 басқа артқан.

Қой мен ешкінің де көбейгені көзге көрініп тұр. 2020 жылы қой мен ешкі саны 17 412 бас болса, ол 2021 жылы 17 605 басқа жеткен. Яғни 101,1 пайызға өскені сезіледі.

Жылқы малымыз да арта түскен. Ең көбейген малымыз осы ат болып отыр. Атап айтқанда ол бұрын 10 646 бас болған болса, соңғы жылы оның саны 12 390 басқа жетіп жығылған. Пайызға шаққанда 116,4 пайызды көрсетіп тұр. Қамбар ата малы осылай өсе түссе өзімізге жақсы. Мал басының артқаны көңіл қуантады.

Барлық көрсеткішіміз жақсы деп айта алмаймыз. Төмен көрсеткішіміздің де бар екені рас. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміндегі мәліметтер бойынша он бір айлық көрсеткішіміз соны растап отыр. Үй құстарымыздың қатары сиреп қалыпты. Құс тұмауы болып жатыр дегеніміз жоқ. Пандемияның да оған қытысы жоқ шығар. 2020 жылы қолда бар құсымыздың жалпы саны 34 300 бас болса, ол былтырғы жылдың ақырында 24 494 басқа төмендеп кетті. Көрсеткішіміз 71,4 пайызды көрсетеді.

Оның есесіне доңыз бас арта түскен сыңайлы. 107,0 пайызға артқан. Алдыңғы жылы доңызымыздың саны 242 бас болған болса, ол соңғы жылы 259 басқа жетіп, өскен сыңайлы.

Енді өнім өндірудің көрсеткіштеріне тоқтала кетейік. Осыншама малымыз бар деп мақтанамыз. Соған жараса нәтижелі көрсеткішке ерісіп жатырмыз ба, осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Есепті мерзім ішінде тірілей салмақта ет өндіру – 549,9 тоннаға жеткен.Яғни алдыңғы 2020 жылмен салыстырғанда бұл – 100,8 пайыз көрсеткішті көрсетеді. Алдыңғы жылы -545,4 тонна ет өндірген болатынбыз.

Сүт бұлағын ағызу да көңіл көншітеді. Жалпы шаруагерлеріміздің өндірген сүт көрсеткіші – 4 693,6 тонна болып тұр. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 100,9 пайызға артқанын аңғартады. Алдыңғы жылы – 4 652,7 тонна сүт өндіріппіз.

Тауық жұмыртқасын өндіру мақтауға сай емес. Тауықтарымыз қысыр қалған ба, жұмыртқа саны азайып кетіп отыр. Есепті мерзім ішінде өндірген жұмыртқа саны – 2 424,0 данаға жетіп жығылды. 2020 жылы өндірген жұмыртқамыз – 2 566,0 дана болатын. Пайызға шаққанда 94,5 пайызға әрең жетеді.

Қаламызға тиісті алқаптарда өндірілген өнім жағынан дихандарымыз қолдан келгенше мол табысқа ерісуге тырысқаны сезіледі. Жалпы егін егілген 25 268,2 гектар жерден өнім жинап алынған. Бидай және мәдени бидай өнімдері 13 589 гектер жерден жиналған. Майлы дақылдар 500 гектар жерге егілген болатын. Екінші нан аталып кеткен картоп өнімі 119,5 гектар жерге егіліп еді. Мәдени жеміс-жидектер болса 8,7 гектар алқапта өніп шықты. Мәдени мал азығының егілген алқабы 11 051 гектар жерді көрсетеді.

Бидай және мәдени бидайдың жалпы өнімі – 14 002 тонна болды. Мәдени майлы дақылдардың жалпы  көрсеткіші – 200 тонна болған. Сол сияқты картоп өнімінің жалпы көрсеткіші – 1563,5 тонна болған жайы бар. Жалпы өнім алуда мәдени жеміс-жидек көрсеткіші – 120 тонна болды. Мәдени мал азығының жалпы көлемі болса – 3569 тоннаға жетіп жығылды.

Өнімнің центнерге шаққандағы көрсеткіштері мынадай болды: егіндіктегі бидай мен мәдени бидай бойынша әр гектар жерден – 10 центнерден өнім алынды. Мәдени майлы дақылдан көрсеткіші гектарына – 4 центнерден өнім алынған болып табылды. Сол сияқты картоп көрстекіші де мынадай: әр гектар жерден - 130,8 центнер өнім алынды. Мәдени жеміс-жидектер өнімі әр гектарына - 137,9 центнерлік көрсеткішті көрсетті. Мәдени мал азығының өнімі гектарына – 3,2 центнер болып табылды.

Заман талабына сай алқаптарды электорнды ету жоспары да көзделген болатын. Алқаптардың электронды картасы түзіліп шылғылды. Олар: егіндік алқап, мал жайылымы, мал азығы өсірілетін жер, көп жылдық шөп өсетін аймақ. Бұлардың бәрі Степногорск қаласы бойынша далалық пландары болатын.

Сонымен мал жайылымы жоспары 119 240 гектар жер, орындалғаны 105 217,2 гектар алқап – 88,2 пайыз.

Егіндік алқап жоспары 24 818 гектар дала, орындалғаны 30 848,41 гектар – 100 пайыз.

Мал жайылымын жүзеге асыру заң талаптарына сай атқарылуы керек болатын. «Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы малдарының жайылымын бекіту туралы ережесі туралы» 2021 жылдың 10 наурыздағы Ақмола облыстық мәслихатының № 7С-2-6 ережесіне сай алып балырып отыр. Степногорск алқабындағы мал жайылымы дұрыс жолға қойылған.  2021 жылдың 1 тоқсанында түзілген хаттамаға сай меморандум бекітілген болатын. Кәсіпкерлік субъектілеріне малды қараусыз қалдырмау тапсырылған. Олар: «Козган» ШХ (Бөгенбай а/о), «Бекмағамбетов» ЖК (Пригородный кенті), «Балу» ШХ (Заводской кенті), жеке тұлға А.К.Қазыбаев (Бестөбе кенті).

Агроөнеркәсіп саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру да назарда болып тұр.

1.«ПФК Табыс Агро» ЖШС, құны 1190 миллион теңгелік жоба бойынша 2021 жылдың 1 сәуірінде конкурсқа ұсынып, нәтижесінде кәсіпорынға ауыл шаруашылығы үшін 1265 гектар жер бөлінді.  2021 жылдың ақыры бойынша алқаптық жұмыстар 150 гектар жерде жүргізілген. 2022 жылы болса жеміс-жидек сақтау қоймасының құрылысына 2000 м қосымша құрылысқа қажеттігі туындаған. 2024-2025 жылдары 250-300 гектар жер суарылатын жерге айналады деп күтілуде. Ол өзіндік айналым есебінен жүзеге асырылатын болады. Жобаны жүзеге асырудың арқасында қажетті техникалар мен құралдарды сатып алуға тура келеді.

2. «KBS LTD» ЖШС құны 5 726,0 миллион теңге болатын жобаны ұсынып отыр. Алдымен мал бордақылау жобасын ұйымдастыратын «KBS LTD» ЖШС  жүзеге асырып, содан соң «Kucto Farming» ЖШС арқылы егін егуді жобаламақшы, осы мақсаттарда тапсырыс беріп отыр. Бұл бағыттар бойынша конкурсқа қатысып, ауыл шаруашылығына арналған жер тағайындалды. 8 қыркүйектегі қатысқан конкурс бойынша 25555,7 гектар жер учаскесі бөлінді.

Құрылыс алаңының бірінші кезеңі 2023-2025 жылдар үшін 5 мың басқа арнап салынады. Алаңның екінші кезеңінің құрылысы 2025 жылы жүзеге асырылып, ол  тағы 5 мың бас малға арналады. Жалпы алғандағы электр энергиясының қажеттілігі 5 МВ ВАТТ болып табылады.

3. «Kusto Farming» ЖШС бойынша құрылыс жобасы 6 274,0 миллион теңгені көрсетіп отыр. Биылғы 2022 жылдың өзінде суару жүйелерінің системасы бойынша инженерлік құрылысының басталуы етек жаяды.

Осы бағытпен ауыл шаруашылығы жаңа жобаларды жүзеге асырмақшы.

                         2.ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ БОЙЫНША

Степногорск қаласына тиісті жер қорының ауыл шаруашылығына бағытталған аумағы жалпы 169891,4 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы құрамындағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 2021 жылдың  қараша айындағы жағдай бойынша  - 169871,42 мың гектар, соның ішінде жыртылған жер – 27618,8 гектар алқап, тыңайған жер алқабы – 12317 гектарды құрайды. Пішен шабатын жер алқабы – 55,5 гектарды құрайды. Ал мал жайылымы болса – 127364,3 гектар болып табылады.

Алдыңғы жылмен салыстыра қарағанда, ауыл шаруашылығына арналып тыңайтылған жер мал және дихан шаруалары бойынша жер айналым көлемі толықтай алғанда – 11 169,49 гектарға аса түскен жайы бар.

Өткен 2021 жылы Степногорск қаласына қарасты шаруа қожалықтарында олардың жер аумақтары 67 жер пайдаланушылар арқылы жалпы аудан 108 646,9 болып отыр.

Сол сияқты, есепті мерзім ішінде мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының заңды тұлғаларында 13 бірлікті жер аумақтары болған. Олардағы жер аумағының алаңы 60127,5 гектарды құраған.  Соның ішінде ауыл шаруашылығына арнап тыңайтылған жерлер 60097,5 гектарды құрады. Оның арасында жыртылған жер – 14 248,8 гектар болып табылады. Жайылымдық жер болса – 36 841,3 гектарды құрайды. Тыңайған жерлер болса – 8686 гектар, пішен өсірілетін жер аумағы – 4,5 гектарды құрап отыр.

Степногорск қаласында ауыл шаруашылығындағы жерлердің айналымын жетілдіруге қатыстыру мақсатында қалада екі рет конкурс өткізілді. Ұсынылған жер учаскелері ауыл шаруашылығында пайдалануға жалға беріледі. Өнім өндірушілер жалға алып, мақсатты пайдаланулары керек. Жалпы осы мақсатта 21 лот қойылып, онда жалпы ауданы – 20022,4 гектар алқап сарапталды. Нәтижеде 19 лот бойынша мақсаттарға қол жеткізіліп, жалпы  - 18 157 гектар алқап жалға ұсынылды. Жыртылған жер – 4975,8 гектар болса, мал өрісі үшін жайылымға – 13181,2 гектар алқап ұсынылды.

Есепті мерзім ішінде жерден пайдаланушылар тарапынан түрлі санаттар бойынша жүзеге асылырды – олар өнеркісіптік, көліктік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын 136 бірлікте жалпы ауданы – 4146,7 гектарлық алқап есепте болды.

Осыған байланысты ағымдағы күндері комиссияға жер учаскелеріне байланысты меншік және жерден пайдаланушылардың 420 өтініштері ұсынылды. Соның ішінде физикалық тұлғалар – 352 болса, заңды тұлғалар – 68 болды. Жер бойынша комиссияның 20 мәжілісі болып өтті. 221 жоба бойынша әкімдік қаулысының жобасы дайындалды. Барлық ұсыныстар өз мермзімінде қарап шығылып, өтініш иелеріне жауаптар қайтарылған.

Өткен 2021 жылдың  6 сәуірі күні жер учаскелерін сатудың және жалға берудің аукционы электрондық негізде жүзеге асырылды. Онда жер учаскелеріне шағын кәсіпкерлік бизнесі бойынша нысандар салуға қаратылған жобалар бар болатын. Бұл жолы жалпы 9 лот бойынша мақсаттарға қол жеткізіліп, оның жалпы құны – 8 767 776 теңгені құрады.

Қаладағы жер қатынастары қолданыстағы заңнамалар негізінде жүзеге асырылып, олар қатаң бақылауда болады.

Жер қатынастары секторында 10 мемлекеттік қызметтер көрсетіліп барылады. Атап айтқанда:

-Жер учаскесіне мақсатты пайдалануға өзгерістер туралы шешім беру – 13;

-Жер учаскелерін жер құрылысы бойынша қалыптастыру жобасын бекіту – 386;

-Жер учаскесін пайдаланған кезде зерттеу жұмыстарына байланысты рұқсат беру – 0;

-Ауыл шаруашылығына байланысты пайдаланылатын жерді бірінен екінші түріне ауыстыруға рұқсат беру - 0;

-Елді пункттен құрылыс нысанын салуға жер учаскесін ұсыну – 5;

-Мемлекеттік меншікте болып сатуды талап етпейтін (конкурстар мен аукциондарда) 1-этапты жер учаскелеріне құқық ұсыну - 286;

-Мемлекеттік меншікте болып сатуды талап етпейтін (конкурстар мен аукциондарда) 2-этапты жер учаскелеріне құқық ұсыну - 41;

-Жол сервистерін көрсететін нысандарда жер учаскелеріне жолбелдеулері мен нысанды қайта жасау барысында кіре беріс жолына байланысты талап етуге шешім қабылдау – 0;

-Бөлінетін және бөлінбейтын жер учаскелерін анықтау -2;

-Кемтігі бар жерді қайта культивациялау жобасын беру және келісу – 2;

-Бұрын жер пайдаланушыға жер учаскесін жеке меншікке сату – 0

-Жер учаскесін жеке меншікке қарызға сату – 0;

-Жер учаскесін алуға кезекке қою – 121.

Кезекте тұрушылар арасында, жер учаскелері бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салуға ниет еткендер Степногорск қаласы бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарындағы кезеңде – 632 кісі бар.

Қаламыздың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі өз қызметін елдегі қолданыстағы заң талаптары шеңберінде жүргізіп келеді. Осы бағытпен жер және жерден пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету жұмыстары жоспар бойынша іске асырылуда.

Демек, аграрлық сала Степногорск қаласын асырайды деген сөз.

Туған жердің әрбір қарыс жері қымбат, ауыл шаруашылығының маңызы да сондай құнды болып табылады.

Полатбек ЖАНБАЕВ, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 343 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar