Главная » 2024 » Август » 15 » Ақмола облысының 522 мектебінде тамақпен қамту ұйымдастырылады
10:15
Ақмола облысының 522 мектебінде тамақпен қамту ұйымдастырылады

 

Оқу жылының басталуына жарты айдан сәл астам уақыт қалғанымен, білім басқармасы облыс мектептерін оқу жылына дайындау бойынша  жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы баяндады.

Ағымдағы жылы жаңа оқу орындарын құру жоспарлануда. Жыл басынан бері 614 жаңа орын құрылған.

Биылғы жылы 6 балабақша құрылысы жалғасуда және жыл аяғына дейін 2 балабақшаның құрылысының аяқталауы жоспарланған.

Мектептерді жаңарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Күрделі жөндеу 42 мектепте; 3 балабақшада; 1 қосымша білім беру ұйымында, 2 колледжде жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20-25 тамызына дейін аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі танда 10 нысан бойынша жұмыстар аяқталған.

«Басқарма, білім бөлімдері мердігер ұйымдармен бірлесіп жөндеу объектілерінде жұмысшылар санын көбейту жөнінде қосымша шаралар қабылдауда. Облыстың білім беру объектілері ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде» - дейді, спикер Балташева.

Нысандарды іске қосу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған екен. Алайда, құрылыс басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйекте тек Қосшы қаласындағы 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы 9 мектепті де іске қосу жоспарланып отыр.

Просмотров: 216 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar