Главная » 2024 » Август » 20 » Ақмола облысында үлестік құрылыс объектілерінің проблемаларын шешу тұрақты қарқынмен жүруде
15:39
Ақмола облысында үлестік құрылыс объектілерінің проблемаларын шешу тұрақты қарқынмен жүруде

Қазіргі уақытта Ақмола облысында Қосшы қаласында орналасқан 4 тұрғын үй кешені («Diamond park» ТК – «АМАНАТ» ТК, «Құрылтай» ТК-«Табыс құрылтай» ТК, «Сиреневый сад» ТК – «Жайлау Сити» ТК, «Шоколад» ТК) бойынша проблемалық мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр – «Тұрғын үй Академиясы» ЖШС), ТҚК (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) өкілдерінің деректері бойынша 558-ге жуық жәбірленуші үлескерлер бар.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бахыдбек Оспанбеков баяндады, - деп хабарлайды  өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының «Үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау» жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысының әкімдігі осы проблемалық мәселелерді реттеуде нақты мақсаттарды айқындады және алданған үлескерлердің заңды құқықтарын іске асыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта екі нысан бойынша мәселелер белсенді түрде шешілуде: «Сиреневый сад» ТК және «Diamond park» ТК.Үлескерлердің проблемаларын шешу үшін жаңа инвестор – құрылыста бай тәжірибесі бар «Galamat» компаниялар тобы табылды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы ағымдағы жылдың 13 тамызында Ақмола облысының үлестік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында жоғарыда аталған проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау мәселелері қаралғаны туралы мәлімдеді.

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге, азаматтарымыздың қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне, сондай-ақ құрылыс саласында мемлекеттің мүдделерін қорғауға арналған құқықтарын қорғау құралы ретінде әрекет етеді.Осыған байланысты, тапсырыс берушілерге мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейтуді және негіздер болған кезде және бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау үшін МСҚБ-ға дереу хабардар етуді ұсынамыз» - деді Бахыдбек Оспанбеков.

Просмотров: 48 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar