Главная » 2023 » Март » 19 » № 68 сайлау учаскесінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)
11:00
№ 68 сайлау учаскесінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Сайлау науқаны Степногосрк қаласындағыв № 68 сайлау учаскесінде де қызу басталды. Сағат 7 кезінде салтанатты түрде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды басталды. Мұнда жалпы 1488 сайлаушы бар болатын. Одан сағат 11 кезінде 450 сайлаушы дауыс берген. Ең бірінші болып дауыс берген зауыт қызметкері Ержан терменбаев болатын. Ол сағат 6-30 кезінде учаскеге келіпті. 13 кісі үйде дауыс береді.

№5 Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте науқан қызу жүріп жатыр. «Инденеринг» ЖШС сауда қызметін атқарып жатыр. Тамақтану жалғасуда. Мектеп көркемөнерпаздары ән шашуда.

Учаскелік комиссия төрайымы Динара Абдилова жағдайдың жақсы жүріп жатқанын айтуда.

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар комиссиясының өкілі Ақмарал Жекина мен «Ақжол» партиясының қоғамдық бақылаушысы Айым ҚҰрманбаева осы жерде отыр.

Дауыс беру жақсы жүріп жатыр.

 

Просмотров: 145 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar