Главная » 2022 » Ноябрь » 20 » Степногорск сайлау учаскелерінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)
21:07
Степногорск сайлау учаскелерінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Кезектен тыс президент сайлауы Степногрск қаласында кең қарқын алып отыр.

№75 сайлау учаскесі қаламыздағы №9 Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте орналасқан. Сайлау учаскесінің төрайымы Зәуреш Мадиярова науқанның жақсы өтіп жатқанын айтуда. Мұнда 2053 сайлаушы дауыс беруі көзделген. Түске дейін мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасады.

Жеке кәсіпкер «Забота» сауда қызметін көрсетуде. Мектеп көркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынған.

Қаламыздағы №7 Юрий Гагарин атындағы орта мектепте №74 сайлау учаскесі орналасқан. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Анара Балғожина. Ол науқанның кең қарқын алып жатқанын жасырмады. Бұл учаскеде дауыс беретін 2028 азамат бар. Содан түске дейін 500-ден астам сайлаушы дауыс берді. 26 кісінің дауысы үйден жиналып отыр. Олар қарт кісілер.

Туған күні осы күнге тура келген 4 кісі бар. Олар дауыс берген кезде сыйлыықтар үлестірілген көрінеді. Жеке кәсіпкер мақсутов сайлаушыларға сауды қызметін көрсетіп отыр.

Қаламыздағы №8 Шохан Уәлиханов атындағы орта мектепте №73 сайлау учаскесі бар. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы мектеп басшысы Мейрам Есжанов. Ол кісі де сайлау науқанының тамаша өтіп жатқанын айтуда.

1881 кісі сайлауда дауыс беру құқығына ие. Олардың тең жартысына жуығы түске дейін келіп өз таңдауларын жасаған. 16 кісінің дауысы өз пәтерлерінен жиналған.

«Аманат» партиясынан Оксана Гребнюк, партиялық емес топ орталығынан Малена Москавая келіп сайлауды бақылап отыр. Жеке кәсіпкер Волосникова халыққа қызмет көрсетуде.

Сайлау жақсы өтіп жатыр.

Просмотров: 143 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar