Главная » 2024 » Январь » 21 » Ішкі саясат және жастар (Полатбек ЖАНБАЕВ)
12:35
Ішкі саясат және жастар (Полатбек ЖАНБАЕВ)

2023 жылғы 25 желтоқсан күні қалалық әкімдікте болған аппараттық кеңесте Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған жұмыс жо­спары туралы ақпаратты осы бөлімнің басшысы Құсайынова Ләззат Жанатқызы ұсынған бо­латын.

-Степногорск қалалық Ішкі сая­сат бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық-саяси жағдайды бақылау. Жалпы мониторинг бойынша аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты деп си­патталады. Сонымен қатар, биыл медиа- кеңістікте әлеуметтік наразылықтардың ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тіркелді, атап айтқанда, қаланы жылумен қамтамасыз ету, су сапасы, қаланы абаттандыру, қаңғыбас иттерге қатысты мәселелер, экология жағдайы, денсаулық сақтау мәселелері болып табылады. Ішкі саясат бөлімінің мамандары мен қала әкімінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіп, келеңсіз жарияланымдарды анықтап, орындалу­ын тиісті ұйымдарға жұмысқа жіберіледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мекеме-кәсіпорын басшыларына осы фактілер анықталған кезде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жою үшін дер кезінде уәж айтып, дер кезінде, сапалы жауап берулерін сұраймын,-деді баяндамашы.

Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның шоғырлануын қамтамасыз ету азаматтық қоғам институттары белсенді қатысатын ішкі саясат саласындағы мемлекеттің басты басымдықтары болып табылады.

Бүгінгі таңда қалада 23 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Халықтың осал және әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйым, гендерлік бағытта, әскери-патриоттық тәрбиеде және жастар бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар кеңінен ұсынылған.

Жыл сайын мекеме, қоғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, қорлар, қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалардың бірлестіктері түріндегі үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі туралы ақпаратты ұсынуы тиіс.

Ішкі саясат бөлімінің маманы есеп беруде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Биылғы жылы құрылыс аясында әлеуметтік сала­ны дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 5 мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырды. Ішкі саясат басқармасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 7 жоба бар.

Жоба барысында Степно­горск аумағында жастар арасында нашақорлық пен нашақорлықтың ал­дын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу. Денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының мамандарын, пси­хологтарды, психотерапевтерді, наркологиялық қызмет мамандарын тарта отырып, студенттер арасында синтетикалық есірткіні қолданудың зия­ны мен зардаптары туралы ақпараттық- түсіндіру іс-шаралары, дәрістер, тренинг­тер өткізу басты анзарда тұр.

«Жасыл Ел» жобасы аясында 2023 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Степногорск қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар­ды жазғы маусымда жұмысқа орнала­стыру үшін «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асырылды. Осы бағдарлама төңірегінде Степногорск қаласынан 120 жас жұмысқа орналастырылды. «Жа­сыл ел» жауынгерлері қала алаңдарын, саябақтарды, көшелерді және тағы басқа да тазалық жұмыстарына қатысты.

Халықаралық жоба: «Жад сағаты». Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін іздеу үшін іздестіру отрядын құру.

«Кәмелетке толмағандар мен жа­стар арасындағы зорлық-зомбылық, зорлық-зомбылықтың, жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарының, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» көзделген. Жоба дағдарыс жағдайындағы, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандары болған жастар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ бұл жағдайда жастардың қалай әрекет ететінін қолдау мақсатында жүзеге асы­рылды.Тақырыптық платформалар­мен кездесулер мен тренингтік ойындар өткізіліп, өмірлік жағдаяттарды зерттеді.

«Ақмола облысының Степногорск қаласында (Степногорск аумағында) діни экстремизм мен терроризмнің ал­дын алу» басты назарда тұр. Ислам дінін ұстанушылар арасында іс-шаралар өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы жұмыстар жүргізіліп келді. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту мақсатында кездесулер, лекциялар, по­стер байқаулары өткізілді. Осының сал­дарынан жастар жаман әдеттерден бой­ын аулақ ұстауға үйренді.

Степногорск өңіріндегі қоғамдық- саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Достық және шығармашылық үйінде 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жергілікті ұлт пен басқа да түрлі ұлттар арасында келісім мен достық кең қанат жайып келеді. Татулықтың биік шаңырағы бізде тұрақты.

Анықтамаға назар салайық:

«Саттелит» Неміс этномәдени бірлестік (жетекшісі - Нурбаева Клавдия Сергеевна);

«Полония» поляк ЭМБ (жетекшісі – Никоровский Иосиф Михайлович;

«Юлдаш» татар- башқұрт ЭМБ (жетекшісі – Дзюба Гульсара Манзуров­на);

«Беркат» Шешен-ингуш ЭМБ (жетекшісі – Гиреев Тухан Макшарейпо­вич);

«Культурный центр азербайджанцев мира» Әзірбайжан ЭМБ (жетекшісі – Ка­римов Рустам Сабирович).

«Русская община» Славян ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Лысцова Надежда Дмитриевна).

«Амир Темур» Өзбек ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Рахматов Саиб­джон).

«Манас» Қырғыз ұлттық мәдени орталығы (жетекшісі - Сыдыков Акылбек).

Степногорск қаласының әкімдігі этномәдени бірлестіктермен бірлесіп жыл бойы қоғамда азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға және сақтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді. «Қазақтану» Қазақстан халқы ассам­блеясы жобаларын іске асыру аясында Достық және шығармашылық үйінің сла­вян этностарының өкілдері «Русская об­щина» «Qazaq time» облыстық онлайн- байқауына қатысты. Нәтижелері көңіл қуантады.

«Юлдаш» татар-башқұрт орталығы «Тіл-халық қазына, ұлттық шежіре» атты қалалық байқауына қатысып, I орын­ды жеңіп алды. «Қазақтану» Қазақстан халқы ассамблеясы жобаларын іске асыру аясында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Степногорск қаласының Достық және шығармашылық үйінде «Достық дәмі» атты облыстық фестивалі кең көлемде атап өтілді. Фестивальдің басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттау бо­лып табылады.

Степногорск қалалық Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы, «Jana urpaq STEP» ҚҚ, «Русская об­щина» ЭМБ, «Беркат» ЭМБ, «Әлем әзірбайжандарының мәдени орталығы» этно-мәдени бірлестіктері қала студенттері арасында «Ұлттар достығы» байқауын өткізді. Оған жастар белсе­не қатысты. Нағыз береке мен бірліктің кең салтанат құрған сәттері көзге көрініп тұрды.

Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің мүшелері түрлі экологиялық акцияларға қатысып, жәрмеңкелер ұйымдастырады, онда түрлі этностар өкілдерінің ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер затта­ры ұсынылады. Осының өзі қаламыздағы жастар саясатының кең қанат жаюына, ұлттар достығы мен конфессия аралық байланыстардың нығаюына мұрындық болып келуде.

«Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жыл сай­ын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізеді. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары облыстық байқауға қатысып, «Халық таңдауы» сыйлығымен марапатталды.

Отбасылық құндылықтарды қолдау аясында Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ко­миссия мүшелері Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтау ша­расын ұйымдастырды. Ел президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру барысын­да бірлесе жұмыстар атқару дәстүрге айналған.

Дін және АТК.

Қазіргі таңда Степногорск қаласында 11 діни бірлестік жұмыс істейді. 4 РҰ – исламдық сенімдегі діні, православие – 2, католик – 1, 4 протестант.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобы қалада діндар жамағат, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, мектеп және колледж студенттері, сондай-ақ No4 және No5 мекемелердегі сотталғандар арасында 160-қа жуық іс-шара өткізді. Діни бірлестіктердің жетекшілері қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған іс- шараларға қатысуға шақырылады. Ру­хани келісім күнінде «Конфессияаралық бірлік – рухани келісімнің негізі» атты жиын аясында қаладағы қоғамдық- рухани және мәдени салаға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері алғыс хаттар­мен марапатталды. Қала аумағында ру­хани келісім мен бірлестіктер байланысы жақсы жолға қойылған. Теріс ағымдарға жол берлмейді.

Жалпы аймақтағы діни ахуал тұрақты және бұ бағыттағы жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында, бөлім мамандары РҰ- ға бару бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік органдардың рес­ми әлеуметтік парақшаларында және қалалық қоғамдық «Step News» және «Step notsleep» беттерінде экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу бойынша 300-ден астам профилактикалық материалдар жарияланды. Сондай-ақ, қалада «Жақындарыңызды экстремистік идеялардың ықпалынан сақтаңыздар» атты сенім телефондары бар. Бұл тұрғыда 1 баннер орнатылды.

2023 жылы Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның 4 отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 35-ке жуық шешім қабылданды.

Жастар саясаты.

ІСБ жанындағы ЖРО ағымдағы жылда 180 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіді. Оған жас буындар беслене қатысты.

Олардың арасында «Менің жобам – Менің елім» байқауы және жастарға арналған әлеуметтік жобалау бойынша оқыту семинары бар,

Патриотизмді, отансүйгіштікті және аға буынға құрметпен қарауды дамыту мақсатында: «Біргеміз Таза Әлем» акци­ясы ұйымдастырылды;

«Таланттар шайқасы» байқауы;

«Әйелдерге гүл сыйланыз» акциясы;

«Көрісу күні жасымыз құтты болсын» акциясы;

«Жас құтқарушы» байқауы;

Ұлы Отан соғысында қайтқан ардагерлердің қабірлерін абаттандыру бойынша «Ешкім ұмытылмайды» акция­сы;

Қазақстандық Жеңіс ленталарын тара­ту бойынша «Жеңіс лентасы» акциясы;

«Street workout» бойынша қалалық турнир;

Еңбек күніне арналған «Адал еңбектің- ерен ерті» Ұрпақтар кездесуі;

Республика күніне арналған Степно­горск жас көшбасшыларының «Ұлы жа­стар рухы» фестивалі;

Халықаралық еріктілер күніне орай Степногорск қаласының белсенді еріктілерін салтанатты марапаттауы өтті;

Жайдарман-2023 әзіл-сықақ ойыны және т. б.

Ерекше қажеттіліктері бар жа­стар да назардан тыс қалмайды. «Күн бәріне жарқырайды» атты әлеуметтік іс-шаралары өткізілді. Балалар үшін қызықты викториналар, аниматор­ларды тарта отырып көңілді ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрақты негізде қарттардың пәтерін тазалауға көмек көрсету бойынша «Біз қасымызда» акциясы өткізілді.

Жастар ресурстық орталығының ко­воркинг орталығында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар, тегін кино кештері, коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған ойындар, консультативтік кез­десулер өткізіледі.

БАҚ

Ағымдағы жылы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру жөніндегі Степногорск қаласы бойынша байқауының жеңімпазы болып «Пре­стиж» газеті танылды. Газет аптасына бір рет 3000 дана таралыммен шығады. 2023 жылы ақпараттық тапсырыс аясында «Престиж» газетінде 572 бет ақпараттық материалдар жарияланды.

Жыл ішінде қала бойынша 50-ден астам әлеуметтік баннерлер, сондай-ақ Республика күніне арналған баннерлер мен портреттер, «Құлагер» спартакиада­сына Ақмола облысы спортшыларының портреттері және Еңбек күніне орай қалалық кәсіпорын жұмысшыларының портреттері орналастырылды.

2024 жылы бөлімнің барлық қажетті бағыттардағы жұмысы жалғасатын болады.

Баяндамашыға тыңдаушылар және журналистер тарапынан бірнеше сұрақтар беріліп, тиісті жауаптар алын­ды. Жастардың тәртібіне назар салу қажет. Темекі мен есірткіге құмарлар қартарынан жастарды кездестірмеу ке­рек. Электронды темекіні жастар сапһтпау талап етіледі. Сыра да сатпау керек. Осындай тәртіпті бұзған кәсіпкерлерге шара қолданған жөн. Сол үшін жастар мен жасөспірімдер тәрбиесіне қырағы қарайтын боламыз.  

Просмотров: 108 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar