Главная » 2023 » Март » 19 » Балалар музыка мектебінде дауыс берілуде (Полатбек ЖАНБАЕВ)
11:05
Балалар музыка мектебінде дауыс берілуде (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Дауыс беру науқаны кең қарқын алған учаскенің бірі балалар музыка мектебінде орналасқан. Степногорск қалалық білім бөліміне қарасты музыка мектебі науқанға жақсы дайындалған болатын.

№ 61 сайлау учаскесінің төрайымы Дәуленбаева Шынар жағдайдың керемет екенін жасырмайды. Мұнда жалпы 2150 сайлаушы тіркеуге алынған. Сондан сағат 11 кезінде 400-ден астам адам дауыс беріп үлгерген. Даус берушілер қарасы артып келеді. Ең жас сайлаушылар да өз таңдауларын жасап отыр. Оларға арнайы сыйлық берілді. «Ақжол» партяисы мен «Дауыс» қоғамдық ұйымынан бақылаушылар келген.

Мұнда концерттік бағдарлама ұсынылуда. Жеке кәсіпкер Гусельников халыққа қызмет көрсетуде.

1933 жылы туған қарт сайлаушы Вера Киселева мен 1932 жылы туған Тищенко Пелогия қатардан қалмай дауыс беріп отыр. Оларға жағдай жасалған.

Дауыс беру жалғасып жатыр.

 

Просмотров: 135 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar