Главная » 2024 » Февраль » 13 » «Бақытты бала» орталығы ашылды (Полатбек ЖАНБАЕВ)
22:22
«Бақытты бала» орталығы ашылды (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Жас буынды оқыту мен қимыл іс-әрекеттеріне бейімдеу маңызды іс. Бұл тұрғыда М.Монтессори педа­гогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапы­нан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Біздің Степногорск қаласында да осындай орталық «Бақытты балалық» деген атаумен ашылып отыр. Ол 5-ықшамауданның №30 үйінде орналасқан. Оны ашқан ұстаз Барлыбаева Данара Маратқызы.

Монтессори орталығының салтанат­ты ашылу рәсіміне қатасқан қонақтар арасында Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова, қалалық ар­дагерлер кеңесінің төрайымы Фарида Ес­жанова, қалалық Білім бөлімінің басшысы Алтын Оспанова, тағы басқа кісілер болды. Ашылу рәсімінің жібек бауын қиған Гүлназ Маратқызы мен Фарида Боташқызы жылы лебіздерін жеткізді. Алтын Қабдрашитқызы да құтықтау сөз сөйледі. Ұстаз Данара Маратқызы алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Шашу шашылды.

Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген дербес тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай тудыру. Кез кел­ген ата–ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» - деп бекер айтпаса ке­рек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ой­лап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке-психикалық дамуы бұзылған ба­лаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеу­ге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі фи­лософ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Мон­тессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданылады. Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.

Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.

Бұл орталықта әзірге он бала қабылданып отыр. Аптаның үш күнінде дәрістер өтіледі. Әр топда сабақ кестесі әртүрлі уақытқа сай келеді. Жазу-сызу, математикалық әдіс, жаттығу, тұрмыстық қимылға үйрету сықылды түрлді әдістер қолданылады. 3-7 жас аралығындағы ба­лалар мұнда тәлім алып шығады.

Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт– бағдар беріп отыруы керек. Монтес­сори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан–жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 7 жас аралығындағы балалардың өзін–өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, мате­матика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру болып табылады.

М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды.

Университеттің емханасынада ақыл– ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ мо­торикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.1909 жыл­дан бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы «Монтессори әдісі» атты кітап жарық корді. 1929 жылы М.Монтессори қазіргі кезде де жасап жатқан халықаралық Мон­тессори Ассоцасиясының негізі салынды. Италиядан Фашистік тәртіп кезінде елден кетеді, 76 жасында қайта оралып, көптеген еңбектерін шығарады. 1950 жылы Амстер­дам университетінің профессоры атағы, докторлық құрмет дәрежесі беріледі. Бұл әдіс бойынша 3 жастан 7 жасқа дейінгі бала­лар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтес­сори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай–ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтес­сори бөлмесінде «Барлығымен еркін ай­налыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсы­нан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессо­ри әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табы­лады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән–мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты та­лабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой–өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында ба­сталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болма­сын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан– ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтес­сори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес балалар материалдар­мен өздері қалағанынша ұзақ уақыт жұмыс жасай алады. Жұмыс материал­дарын да, сабақ уақытының ұзақтығын да өздері таңдайды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педа­гогтарды білім көзі ретінде емес, бала­лар сынамалар мен қателіктер арқылы түйткілдерді шешетін, жаңалықтар аша­тын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретін де елестеткен жөн.

Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер чиптерде сақталатын заман­да ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын түйткілдерді шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шы­найы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жат­татудан баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс істей ала­мыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орын­дау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. «Өзін–өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жо­спарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Білуге, үйренуге деген талпыныста­ры, өз–өзіне еңбек ету, бір–бірімен қарым- қатынас жақсарады. Бір ойыншыққа тала­спай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т.б қарым–қатынастарда жақсы нәтиже береді.

Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі – шеңбер болып табылады. “Шеңбер дегеніміз не?”- деген сұрақ Монтессори сабағына келген бар­ша ата- ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори педагогтарының бірі оны “атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі- ол әлемнің қай мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі кез-келген Монтессори- кабинеттен эл­липс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып та­былатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір–бірімен қарымқатынасқа түседі, яғни әлеуметтік жағынан пайда­сы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсыр­малар қолданылады.

Мысалы, 3 жастан 7 жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында бала­лар көптеген жаңа ұғымдармен та­нысады. Бір–бірінің алдында өз ойла­рымен бөліседі, бірін-бірін тыңдауға дағдыланады. Монтессори тобындағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасы­нан күнде бір бала кезекші болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар талқыланып болғанда тыныштық уақыты өткізіледі,осылайша бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы.

Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Степногорск қаласының 60 жылдығы қарсаңында ашылған орталық ел игілігіне қызмет етсін.

Просмотров: 100 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar