Главная » 2023 » Октябрь » 20 » Қазақстанда қайта жаңғырған мейрам
11:06
Қазақстанда қайта жаңғырған мейрам

Ұлттық мейрам Степногорск қаласында кең көлемде тойланады. Өткен эжылғы маусым айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мейрам" мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді.

"Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деген болатын Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Президенттің тапсырмасы көп ұзамай орындалды. Парламент заң қабылдап, Тоқаев оған қол қойды. Осылайша 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып өзгерді.

Айта кетері, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.

Мереке құтты болсын!

 

Сапар САБЫРҰЛЫ, еңбек ардагері. Степногрск қаласы

Просмотров: 91 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar