Главная » 2022 » Июль » 19 » «АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨКІЛДЕРІМЕН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
12:35
«АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨКІЛДЕРІМЕН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 «Алтыналмас» ұжымдық шартын үздіктердің бірі десе болады. Бұрындары қызметкерлерге берілетін барлық әлеуметтік кепілдіктер ішкі ережелермен реттелетін. «Алтыналмас» компаниялар тобының кеңейіп, жұмысшылар санының артуына байланысты әлеуметтік серіктестіктегі маңызды қадамның уақыты келді.

 

Құжатқа жұмыс беруші және «Алтыналмас АК» АҚ жұмыскерлерінен сайланған өкілдік органы, «Кәсіпқорған» тау-кен металлургия кәсіпорындары және сабақтас салалар қызметкерлерінің өнеркәсіптік кәсіподағы» ҚҰ, «Қазпрофметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚҰ атынан жұмыскерлердің өкілдері қол қойды.

Ұжымдық шарт компания қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға бағытталған. Шартта қосымша және әлеуметтік демалыстар, өтемақылық және ынталандырушы төлемдер, салалық наградалармен марапатталғандарға сыйлықақылар, әлеуметтік төлемдер, санитарлық-курорттық емделу мүмкіндігі және т.б. қарастырылған.

Құжат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы және ҚР тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісімі, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік бойынша өңірлік және бас келісімдер негізінде әзірленді.

Персоналды басқару жөніндегі бас атқарушы директор, Басқарма мүшесі Мақпал Нүсіпова атап өткендей: «Біздің компания айтарлықтай өсіп, ұжымдық шартқа қол қою әлеуметтік серіктестікті құрудағы орынды қадам болды. Құжат бойынша жұмыс ұзақ уақыт жүрді, әртүрлі тараптар тыңдалып, әлеуметтік жеңілдіктер саласындағы компаниялардың үздік тәжірибелері зерттелді. Әлеуметтік жеңілдіктердің 80%-ы жұмыс берушінің ішкі актісіне сәйкес «Алтыналмас» қызметкерлеріне бұрыннан берілген; мен ұжымдық шарт шеңберіндегі әлеуметтік кепілдіктердің жақсаруы еңбек қатынастарын нығайтуға қызмет ететініне және өзара тиімді ынтымақтастықты ынталандыратынына сенімдімін».

Қазір «Алтыналмас» ұжымдық шартын үздіктердің бірі деп атаса болады. Кәсіподақ өкілдері құжатқа осындай жоғары баға беруде, себебі онда әлеуметтік серіктестікті дамыту және жұмысшылар мүдделерін қорғау бойынша көптеген маңызды тұстар ескерілген.

«Кәсіпқорған» кәсіподағының филиалы - сервистік өндіріс кешенінің төрайымы - Жібек Омарова: «Келісімшарт тармақтарын жасау кезінде көптеген мәселелер бойынша қызу пікірталас болды. Біз үшін ымыраға келу және барлық тараптардың мүдделерін ескеру маңызды болды. Қазіргі ұжымдық шарт үлгілі және уақыт пен заңнама талаптарына сай деуге тұрарлық».

Мұндай ұжымдық шарттарға жақын арада Қоғамның еншілес компанияларында да қол қойылатын болады.

Жұмыс ұжымдарындағы сабақтастық, әлеуметтік жауапкершілік, инклюзивтілік – «Алтыналмас» басшылыққа алатын ESG күн тәртібінің маңызды принциптері. Ұжымдық шартта ерекше атап өтуге болатын маңызды аспектілердің бірі – саладағы әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша жұмыс беруші мен кәсіподақтардың бірлескен күш-жігері. Нақты айтқанда: еңбек және демалыс саласында кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау, жас мамандарды жылдам бейімдеу мақсатында жұмыс орнында тәлімгерлік қызметін дамыту, мүгедектердің жұмыс істеуіне жағдай жасау, қосымша және әлеуметтік демалыстар беру, әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру саласы, зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің санаторлық-курорттық емделу жолдама құнын, балалар сауықтыру лагерьлеріне жолдама құнын ішінара өтеу және т.б.

Просмотров: 290 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar